Арыс тұрғындарына әкімдіктен үндеу

Құрметті арыстықтар!
Ардақты жерлестер!
Көктемнің шуағы төгіліп, табиғат жаңаратын мезгіл де келіп жетті. Бұл – айнала ғана емес, өзіміз де жаңарып, игі бастамаларға бет бұратын кезең. Ал қасиетті Рамазан айы – сабыр мен мейірімнің, тазалық пен ізгіліктің айы.
Осы сәтті пайдаланып, баршаңызды туған қаламыздың көркеюіне белсенді атсалысуға шақырамыз. Әр шаңырақ өз ауласын, әр тұрғын өз көшесін таза ұстаса, қаламыздың келбеті айрықша ажарлана түсері анық. Қоқысты белгіленбеген орындарға тастамай, сенбіліктерге қатысып, тал егіп, жасыл аймақтарды күтіп-баптауға бірге үлес қосайық.

Тазалық – мәдениет пен жауапкершіліктің айғағы. Ортақ үйіміздің тазалығы мен тәртібі – әрқайсымызға ортақ міндет.

Бірлік пен ынтымақ бар жерде береке бар.
Арысымыздың гүлденуі – өз қолымызда.

Арыс қаласы әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар

Қыз алып қашатындар 7 жылға дейін сотталу мүмкін

berdaly_oraz

Арыс: Пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі қаралды

Түркістанда жас полицейлер салтанатты түрде ант қабылдады

berdaly_oraz