29 шілде – Халықаралық жолбарыстар күні: жойылып бара жатқан жыртқышты қорғауға үндеу

Жыл сайын 29 шілдеде әлемде Халықаралық жолбарыстар күні аталып өтеді. Бұл күн табиғаттағы жолбарыстардың санын сақтап қалуға, олардың мекен ету ортасын қорғауға және браконьерлікпен күреске қоғам назарын аудару мақсатында белгіленген.

Халықаралық жолбарыстар күні 2010 жылы Санкт-Петербургте өткен Жолбарыстар саммитінде ресми түрде бекітілді. Форумға жолбарыстар мекендейтін 13 мемлекет қатысып, сирек кездесетін жыртқыштың популяциясын қалпына келтіруге бағытталған бірлескен бағдарлама қабылданды.

Мамандардың айтуынша, жолбарыстарға төнетін негізгі қауіп – заңсыз аңшылық, мекен ету аумақтарының қысқаруы және адам әрекетінің табиғатқа әсері. Соңғы жылдары көптеген елдер табиғатты қорғау шараларын күшейтіп, жолбарыстар санын көбейту бағытында нақты жұмыстар жүргізіп келеді.

Бұл атаулы күн – тек табиғатты қорғау мәселесін көтеріп қана қоймай, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен келер ұрпаққа табиғи мұраны аман жеткізудің маңызын еске салатын ерекше дата. Әлем елдері жыл сайын осы күні экологиялық акциялар, танымдық іс-шаралар және ағартушылық бағдарламалар ұйымдастырады.

Ұқсас жаңалықтар

САРЫАҒАШ ӨНЕРПАЗДАРЫ «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ФЕСТИВАЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

berdaly_oraz

Ертең «Тесік көпір» Арыс Сырдария жолы уақытша жабылады

berdaly_oraz

Арыста заңсыз жүк тасымалына қарсы рейдтік шаралар жалғасады