САРЫАҒАШ ӨНЕРПАЗДАРЫ «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ФЕСТИВАЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Дереккөз, фото: Сарыағаш ауд әкімдігі

Түркістан қаласындағы Керуен сарай туристік кешенінда өткен «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Сарыағаш ауданының мәдени күні ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев қатысып, мұндай мәдени жобалардың өңірдің рухани дамуына қосатын үлесі зор екенін атап өтті.

Фестиваль барысында келушілерге ауданның мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін таныстыратын мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, ұлттық бұйымдар таныстырылды. Сонымен қатар, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтіп, ауыл шаруашылығы өнімдері көпшілік назарына ұсынылды.

Кешкі бағдарламада «Керуен сарай» сахнасында аудан өнерпаздарының гала-концерті өтті. Өнер кешіне эстрада әншісі, композитор әрі «Сарыағаш ауданының құрметті азаматы» Медеу Арынбаев арнайы қатысып, көрерменге ән шашуын ұсынды.

Ұлттық нақыштағы қойылымдар мен әсем әндер көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, Сарыағаш ауданы өнерпаздарының шығармашылық әлеуетін айқын көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда ерекше жандарға қамқорлық күшейді: нақты нәтижелер мен жаңа мүмкіндіктер

berdaly_oraz

Әскери шеруде «Алан» броньды техникасынан түтін шықты

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ГРЕКИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Redaktor Arysinfo