№3 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер АХМЕТОВ ҚАЙРАТ ТӨРЕГЕЛДІҰЛЫ

ҮМІТКЕРДІҢ ТҰҒЫРНАМАСЫ

Мен, Ахметов Қайрат Төрегелдіұлы, 1974 жылы 20 қараша күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында тудым. 1992 жылы С.М.Киров атындағы №18 қазақ орта мектебін бітірген соң, облыс орталығындағы Шымкент авто-жол техникумына оқуға түсіп, 1996 жылы авто жол механигі мамандығын алып шықтым. 2005 жылы Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдап, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығын алып шықтым.

Еңбек жолымды 2003 жылы Шымкенттегі «Асбоцем-конструкция» АҚ-да тауар жабдықтаушы болып бастадым. 2006-2011 жылдары облыс орталығындағы «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ-да мұнай құю бекетінің операторы болып жұмыс атқардым. 2012 жылдары Шымкент қаласындағы «ТЭК — Қазақстан» ЖШС шығыс өңірінің басқармасы бастығының орынбасары лауазымында қызмет жасадым. 2013 жылдары «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ-да мұнай өнімдерін құю учаскесінің бастығы лауазымын атқардым. 2017-2023 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналыстым.

2023 жылдың 30 наурызынан 2026 жылдың қазан айының 12-жұлдызына дейін VIII — шақырылымдағы Арыс қалалық мәслихатының төрағасы қызметін атқардым.

Арыс қалалық мәслихатының VI, VII, VIII шақырылымында қалалық мәслихат депутаты болдым.

Спорттағы жетістіктерім: ҚР бокстан спорт шеберлігіне кандидат, кикбоксингтен спорт шеберімін. «Әділет» партиясының мүшесімін.

Отбасылымын. Төрт перзент (үш ұл, бір қыз) тәрбиелеп өсірудемін.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 

МЕНІҢ БАҒДАРЛАМАМНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  • Қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру;
  • Жедел медициналық көмек станциясы бар қалалық емхана салу;
  • Оқушылар сарайын салу;
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдардың есептілігі мен жауапкершілігін арттыру бастамаларын қолдау;
  • Әрбір маңызды мәселе бойынша тұрғындармен ашық диалог жүргізу;
  • Қаладағы Ергөбек көшесін күрделі жөндеуден өткізу;
  • Әл-Фараби көшесі ортасында орналасқан темір қоршауларды ретке келтіру;-
  • Қала ішіндегі шағын және орта көшелерді жөндеуден өткізу;
  • Ауыз су, электр энергиясы, көше жарығы және инженерлік желілерге қатысты мәселелердің шешілуіне ықпал ету;
  • Арыс қаласының кәріз желілерін қайта жаңғыртудан өткізу;
  • Аула, қоғамдық орындар, балалар алаңдары мен демалыс аймақтарын абаттандыруға қолдау көрсету;
  • Арыс қаласының инфрақұрылымдық қажеттіліктерін жергілікті бюджет пен даму жоспарларында ескеруге күш салу;
  • Шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді тиісті органдардың қарауына ұсыну;
  • Мектептер мен балабақшалардың жағдайын жақсарту жөніндегі мәселелерді көтеру;
  • Жастарға арналған спорттық, мәдени, білім беру және кәсіптік бағдар беру жобаларын талқылап, қолдау жасау;
  • Жастардың заманауи мамандықтарды меңгеруіне және цифрлық дағдыларын дамытуына жағдай жасауға ықпал ету;
  • Медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты тұрғындардың мәселелерін назарда ұстау;
  • Әлеуметтік осал азаматтардың, көпбалалы отбасылардың, қарттардың және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мүдделерін қорғауға атсалысу;
  • «Таза Қазақстан» қағидаттарына сай тазалық пен экологиялық мәдениетті дамытуға атсалысу;
  • Қоғамдық қауіпсіздік, жол қозғалысы және балалардың қауіпсіздігі мәселелерін тиісті органдармен бірлесе шешуге ықпал ету;
  • Мемлекеттік және коммуналдық қызметтерді алу кезінде туындайтын қиындықтарды азайту жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • Азаматтардың өтініштері, талап-тілектері бойынша депутаттық сауалдар мен ұсыныстарды тиісті орындарға жеткізу;
  • Қаладағы өзекті мәселелердің шешілу барысын бақылап отыру;
  • Өз құзыретім шегінде атқарылған жұмыстар туралы жүйелі түрде өз сайлаушыларыма есеп беріп отыру.

Сонымен қатар, шешілмеген мәселелер мен олардың себептері жөнінде тұрғындарға ашық ақпарат беріп, жоғарыда аталған барлық мәселелерді одан әрі іске асыра отырып, қаланы дамыту жоспарын әзірлеуге атсалысамын.

Құрметті сайлаушылар!

Мен Арыс қаласы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.

Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Мықты мемлекет құру жолында бірге атсалысуға шақырамын!

жарияланым ақысы №3 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Ахметов Қайраттың бюджеттік сайлау қорынан төленеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «К СПРАВЕДЛИВОМУ ОБЩЕСТВУ – ИСКРЕННЕЕ СЛОВО»

Redaktor Arysinfo

Монтайтас ауылдық округінің әкімі болып Ербол Ахметов қайта сайланды

berdaly_oraz

«MIRAS» КЕҢЕСІ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

berdaly_oraz