41 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ ҮШЕМДІ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛДІ

Түркістан қаласындағы №3 облыстық перинаталдық орталықта 41 жастағы Марина Жұрымбаева үш ұлды дүниеге әкелді. Жүктілік мерзімі 32 апта болған, босану кесар тілігі арқылы өтті.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, нәрестелердің салмағы 1715, 1955 және 1999 грамм болды. Шала туған сәбилер өмірінің алғашқы тәулігінде тыныс алу аппаратына қосылып, 10 тәулік бойы жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болған. Кейін жағдайы тұрақтанған соң олар анасымен бірге арнайы күтімді қажет ететін бөлімге ауыстырылды.
35 тәуліктен кейін сәбилер қанағаттанарлық жағдайда үйлеріне шығарылды.
Әкесі үшемге Айқын, Айдын және Арсен есімдерін берген. Кішкентайлардың ағасы мен әпкесі бар. Дәрігерлердің айтуынша, үшем 15 жылдық үзілістен кейін дүниеге келген.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН 1 ТОННАДАН АСТАМ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТҮРКІСТАН МАҚАМДАРЫ» ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Redaktor Arysinfo

Солтүстік Қазақстанда құсбегілер сайысы өтті

berdaly_oraz