ТҮРКІСТАНДА ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ТАЛҚЫЛАНУДА

Түркістан қаласында «Банктер және финтех–2026» атты екінші Орталық Азия қаржы-банктік форумы өз жұмысын бастады. Ауқымды алаңға отандық және шетелдік қаржы институттарының өкілдері, жетекші сарапшылар, инвесторлар мен IT мамандары жиналды.

Форум – қаржы мен технология тоғысқан тұста жаңа мүмкіндіктерді айқындайтын маңызды диалог алаңы. Мұнда цифрлық банкинг, финтех шешімдер, инвестициялық трендтер мен өңірлік ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқылануда.

Түркістан тағы да халықаралық деңгейдегі іскерлік кездесулер өтетін орталыққа айналып, Орталық Азиядағы қаржы экожүйесінің дамуына серпін беретін маңызды платформа екенін көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

ЖАСЫЛ МЕКТЕП – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН БІРЕГЕЙ ЖОБА

Redaktor Arysinfo

Түркістанда білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

berdaly_oraz

Арыс қаласының жедел жәрдем фельдшері республикалық деңгейде марапатталды

berdaly_oraz