АҚДАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ

2026 жылғы 20 қыркүйекте Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлау қорытындысы бойынша Байекеев Токберген Тәліпханұлы Ақдала ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Қала әкімі аппаратының басшысы Талғат Анашбеков Ақдала ауылына барып, округ активіне жаңадан сайланған әкімді таныстырды. Кездесуде жаңа әкімге қызметіне сәттілік тілеп, алдағы жұмыстың негізгі бағыттарына тоқталды.
– Ауыл тұрғындары өзіңізге сенім білдіріп, дауыс берді. Ендігі міндет – осы сенімді ақтап, халықпен тығыз байланыста жұмыс істеу. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауыл шаруашылығы мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беру қажет.
Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды жүйелі жалғастырып, белгіленген міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындауыңызды сұраймын, – деді қала әкімі аппаратының басшысы Талғат Әбдіқадырұлы.
Мұнан соң сөз алған Арыс қаласының Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерлан Маханов сайлау қорытындысын таныстырып, жаңа әкімге қызметтік куәлігін табыстады.

Ұқсас жаңалықтар

Нартай Сәрсенғалиев: Пранк жасаймын деп қоғам тынышын бұзатындар көбейді

berdaly_oraz

Арыс қаласының басшысы тазалық шарасын ширатуды тапсырды

Арыста балалар күніне орай мерекелік шара өтті

berdaly_oraz