ӘКІМДІККЕ ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ЖАСЫРЫН ҚОЛДАУ КӨРСЕТУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНБАҚ

Премьер- министрдің орынбасары Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринның айтуынша, сайлауға қатысатын кандидаттар тек ресми түрде тіркелген қаржыны ғана пайдалана алады. Бұл қаражатқа жеке қаражат, партиялық қор немесе азаматтардың ерікті түрде берген заңды көмегі кіреді. Алайда олардың барлығы міндетті түрде арнайы сайлау қорына аударылуы тиіс.

Сайлау қорынан тыс берілген кез келген көмек, көлік, техника, жарнамалық материалдар немесе үгіт-насихатқа арналған өзге де қолдаулар- заңсыз деп танылады. Вице- премьердің айтуынша, мұндай өзгеріс жасырын қаржыландырудың алдын алып, барлық үміткерге тең мүмкіндік қалыптастыруды көздейді.

Ережені бұзған кандидат сайлау жарысынан шеттетіліп, жәнеде сол округтегі сайлау нәтижелері де жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда 1000 МВт электр стансасы жобасы қалай іске асып жатыр

berdaly_oraz

ЖАСКЕШУДЕ ЖАҢА ӨНДІРІС КООПЕРАТИВІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

berdaly_oraz

Маңғыстаулық делегация Түркістан облысының тәжірибесімен танысты