Арыста синтетикалық есірткі өндірген ағайындылар ұсталды

Дереккөз/сурет: polisia.kz

ІІМ қызметкерлері Түркістан облысы Арыс қаласында ірі есірткі зертханасын анықтап, жұмысын тоқтатты. Жедел іс-шара барысында қала шетіндегі жеке үйде екі ағайындының синтетикалық есірткі өндірумен айналысқаны белгілі болған.

Тінту кезінде шамамен жарты тонна сұйық мефедрон мен 1,5 тонна прекурсор тәркіленді. Сонымен қатар реакторлар, колбалар, араластырғыш құрылғылар және есірткі жасауға арналған өзге де жабдықтар алынған.

Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша іс қозғалды. Бұл бап бойынша өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұқсас жаңалықтар

«Шерзатты денеммен жаптым»: Сотта марқұм Нұрқанаттың соңғы жауабы жария етілді

berdaly_oraz

Шымкенттік оқушы әлемнің үздік 50 университетінен шақырту алды

Альфия Адамбек

Қазақстанда алдағы үш күнде нөсер жаңбыр жауып, күн суытады

admin_arysinfo