AMANAT атауы тарих қойнауына кете ме? Партия ғимараттарында «Әділет» жазуы пайда болды

дереккөз фото: adyrna.kz

Елордадағы AMANAT партиясының Орталық аппараты орналасқан ғимаратта атау өзгертіліп, қасбетке «Әділет» деген жаңа маңдайша орнатылды. Мұндай жаңарту жұмыстары қазір Қазақстанның барлық өңірлеріндегі партия филиалдарында да жүргізілуде.

Партия кеңселеріндегі ескі атаулар алынып, олардың орнына жаңа брендтің атауы орналастырылып жатыр. Бұл бірігу үдерісінің іс жүзінде басталғанын және саяси ұйымның жаңа атаумен жұмыс істеуге көшкенін көрсетеді.

Бұған дейін «Әділет» партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы екі партияның бірігуін толық заңдық тұрғыда рәсімдеу бірнеше айға созылуы мүмкін екенін айтқан болатын. Оның сөзінше, барлық құжаттық процедураларды аяқтау шамамен алты ай уақыт алуы ықтимал.

Соған қарамастан, өңірлердегі маңдайшалардың жаппай ауыстырылуы жаңа саяси күштің бірыңғай атаумен қалыптасу кезеңі басталғанын аңғартады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ОРТА АЗИЯДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ «ЕСКЕК ЕСУ» АРНАСЫ АШЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРЕТІН ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

berdaly_oraz

Қазақстан Халық партиясы жаңа төраға сайлады: ұйымның саяси бағыты жаңғыра ма?

Redaktor Arysinfo