АҚШ–Иран мәмілесі мұнай нарығын өзгертті

дереккөз фото:Aikyn.kz

Әлемдік мұнай нарығында баға төмендеу үрдісі байқалды. Бұған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерде оң өзгерістердің байқалуы себеп болған. Сарапшылардың пікірінше, тараптардың мәмілеге келуі Иран мұнайының әлемдік нарыққа қайта оралу мүмкіндігін арттырып, ұсыныс көлемін көбейтеді деген үміт туғызған.

Осы жағдай аясында сейсенбі күні Brent маркалы мұнайдың құны 4,3 пайызға арзандап, бір баррелі 79,62 долларға дейін түсті. Нарық қатысушылары Таяу Шығыстағы геосаяси тәуекелдердің азаюын және мұнай жеткізіліміне қатысты болжамдардың жақсарғанын оң фактор ретінде бағалап отыр.

Мұнай бағасының төмендеуі мұнай экспорттаушы елдердің кірісіне әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, энергия тасымалдаушылары бағасының арзандауы импорттаушы мемлекеттердің экономикасына оң ықпал етеді деген болжам бар.

Ұқсас жаңалықтар

«140 мың адам жұмысқа тұрды, бірақ халық неге әлі жұмыс іздеп жүр?»

Redaktor Arysinfo

ХАБАРЛАНДЫРУ: АРЫС ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚҰЛАҚҚАҒЫС!

Redaktor Arysinfo

Шымкентте лифт қауіпсіздігін сақтамаған «Royal Plaza» орталығының иесіне айыппұл салынды

berdaly_oraz