Алматы облысында көпқабатты үйден өрт шықты

Алматы облысы, Іргелі ауылы аумағындағы «Асыл Арман тұрғын үй кешені» тоғыз қабатты тұрғын үйінде өрт болды.

Мәліметке сәйкес, тілсіз жау көпқабатты үйдің соңғы қабатында орналасқан көршілес екі бөлмелі пәтерді шарпыған. Өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі шақырту бойынша жедел әрекет етіп, жалынның басқа пәтерлерге таралуына жол бермеді.

Оқиға кезінде баспалдақ арқылы 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала бар. Сонымен қатар, 20 адам (оның 5-еуі бала) өздігінен сыртқа шыққан.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» – ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ МОЛ МҮМКІНДІК

berdaly_oraz

Облыстық сот ұжымы аудандық соттың судьяларын отставкаға шығарып салды

berdaly_oraz

Заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша арнайы мобильді топтар жұмыс істейді