Қазақстан мен Түркия жастары футбол тәжірибесімен бөлісті

дереккөз фото: adyrna.kz

Алматыда Қазақстан мен Түркия жастары арасындағы тәжірибе алмасу бағдарламасы жалғасуда. Бағдарлама аясында қатысушылар еліміздегі жетекші футбол орталықтарының бірі – Қайрат футбол клубы академиясының жұмысымен танысты.

Жастар академияның инфрақұрылымын аралап, жас футболшыларды даярлау жүйесі, жаттығу процесі және спорттық менеджмент бағытындағы тәжірибелер туралы ақпарат алды. Кездесу барысында екі елдің өкілдері спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайту және жастар арасындағы байланысты дамыту мәселелерін талқылады.

Іс-шара Қазақстан мен Түркия жастарының достық қарым-қатынасын нығайтып, тәжірибе алмасуына жаңа мүмкіндік берді.

Ұқсас жаңалықтар

Жүргізуші куәлігін алуды қатаңдатып,автомектептерді бақылауға алу керек- сенатор Марат Қожаев

berdaly_oraz

Арыс қаласында «KUSH FEST» облыстық спартакиадасы өтті

berdaly_oraz

Абай елінде Түркістан облысының мәдениет күндері басталды