Тұрсынбек Қабатов: «Алаяқтар банктің даусын қосып, сенімге кіреді»

Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың ел азаматтарын алаяқтардан сақтануға шақырған видеосы кеңінен тарап жатыр.

Ол әсіресе Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысында интернет және телефон арқылы әрекет ететін алаяқтардың көбейгенін айтып, қарт адамдарды сақ болуға үндеді.

«Банктенмін деп хабарласып, «құжатыңызды жіберіңіз», «СМС келеді, соны айтыңыз» деп алдайды екен. «Шотыңызды бұзайын деп жатыр», «сіздің атыңыздан кредит алып жатыр» деп сендіреді. Тіпті полицияданбыз деп, «ұлыңыз бізде отыр» деп ақша сұрайтындар бар», – деді ол үндеуінде.

Қабатовтың айтуынша, алаяқтар адамдарды шатастыру үшін қоңырау кезінде банктің немесе полицияның шуы сияқты жасанды дыбыстар қосып, шынайылық әсерін тудырады.

«Ешкімге жеке деректеріңізді, банк картасының нөмірін, құпия кодын бермеңіздер. Банк те, полиция да телефон арқылы ақша сұрамайды. Сақ болайық!» – деп қорытындылады әзілкеш.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында әділет департаменті 3500-ден астам азаматқа тегін құқықтық көмек көрсеткен

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АЛАУЫ» ЭСТАФЕТАСЫ ӨТТІ

berdaly_oraz

Әкенің орны – отбасының тірегі: Қазақстанда Әкелер күні кең көлемде аталып өтті

Redaktor Arysinfo