«Арыс» футбол клубы сырт алаңда сенімді жеңіске жетті

Ақтауда өткен кезекті турда «Арыс» футбол клубы жанкүйерлерін ірі жеңіспен қуантты. Екінші лига чемпионатының 5-туры аясында жерлестеріміз жергілікті «Каспий» (жастар) командасымен кездесіп, 3:0 есебімен басым түсті.

Алаң қожайындарын алғашқы минуттардан-ақ қыспаққа алған арыстықтар матчты сенімді бастады. 35-минутта Еркебұлан Амангелді есеп ашса, араға жеті минут салып Тимур Қуантаев есепті 2:0-ге жеткізді. Екінші таймда да қарқынын бәсеңдетпеген «Арыс» ойыншылары 88-минутта Батыр Ибраһимнің голымен кездесуді түйіндеді.

Команданың бұл жеңісі – ойыншылардың ұйымшылдығы мен жаттықтырушылар штабының жүйелі еңбегінің нәтижесі. Жеңіс арқасында «Арыс» турнирлік кестеде өз позициясын жақсарта түсті.

Алда тағы бірқатар маңызды ойындар бар. Дегенмен, бұл айқын жеңіс командаға үлкен серпін беретіні анық.

 

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағашта жаңа спорт және ойын алаңдары пайдалануға берілді

berdaly_oraz

Түркістан облысында алаяқтар абақтыға қамалды

Шымкентте Free Fire ойнаған мектеп оқушысының ата-анасы 2 млн теңгеден айырылды