Арыста сауда орындарының қауіпсіздігі басты назарда

Арыс қаласындағы Орталық базарда өрт қауіпсіздігі мен санитариялық нормалардың сақталу деңгейі тексеріліп, бірқатар маңызды ескертулер айтылды. Бұл тексеру ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабековтің арнайы іссапары аясында өтті.

Қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, кәсіпкерлік бөлімі, полиция, төтенше жағдайлар және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары да тексеруге қатысты. Сарапшылар базардағы дүкендер мен сауда орындарының өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қарады.

Сауда комитетінің төрағасы сауда орындары арасындағы арақашықтық, эвакуация жолдарының белгіленуі, өрт дабыл жүйесінің жұмыс істеуі секілді негізгі талаптардың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, санитариялық талаптардың сақталуы да басты назарда болуы тиіс екенін ескертті.

Айдар Әбілдабековтің айтуынша, бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғауға бағытталған. Сондықтан бақылау күшейіп, барлық нысандар жауапкершілікпен әрекет етуі тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында заман талабына сай зауыттар мен кәсіпорындар көбейіп келеді

Альфия Адамбек

АРЫСТАН ШЫҚҚАН АЛТЫН ҚОЛ ҚАҚПАШЫ: ШАНШАР НҰРСАЯТТЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА СЕЛДЕН ЗАРДАП ШЕККЕН АУМАҚТАРДА ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Redaktor Arysinfo