АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТАҒЫ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

18сәуір күні Арыс қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының кезекті отырысы ұйымдастырылды. Жиынға қалалық партия филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, фракция жетекшісі Амантай Байтанаев және депутаттық фракция мүшелері қатысты. Сонымен қатар, мәслихат аппаратының басшысы Мейірхан Сыдықов, қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қуаныш Шойнахов, жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалымжан Спатай, ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Қанат Момбеков те жиынға арнайы шақырылды.

Отырыста қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, бюджет қаражатының тиімді игерілуі, жер қатынастары саласындағы өзекті түйткілдер, ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы жоспарлар мен көрсеткіштер талқыланды.

Жиын барысында сала басшылары атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Фракция мүшелері өз ұсыныстарын білдіріп, бірқатар мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті бөлімдерге көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыру тапсырылды. Фракция жұмысы алдағы уақытта да тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты бастамаларды жүзеге асыруға негіз болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «AUYL INVEST FEST. БАЛЫҚ АУЛАУ – 2026» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Зейнетақы қорының ақшасы қайда кетті? Қаржы мамандары түсіндірді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ ХАЛЫҚ ҚОЛДАНЫСЫНА БЕРІЛДІ

berdaly_oraz