Балалардың күлкісі – қоғамның бақыты: Арыста жазғы сергіту шарасы өтті

Түркістан облысы Арыс қаласында аптап ыстық күндері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ерекше жазғы сергіту іс-шарасы өтті. Шараның басты мақсаты – бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жазғы демалысты қызықты әрі есте қаларлық ету.

Іс-шараны Арыс қаласының Отбасын қолдау орталығының директоры Сырлыбек Мұсабековтың бастамасымен ұйымдастырылып, жергілікті әкімдік, төтенше жағдайлар бөлімі және мәдениет бөлімінің қолдауымен өткізілді. Балалар үшін түрлі ойын-сауық бағдарламалары, қызықты сайыстар мен сергіту шаралары ұйымдастырылып, мерекелік атмосфера қалыптасты.

Мұндай игі бастамалар балалардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуге ғана емес, олардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, қауіпсіз ортада көңілді уақыт өткізуіне мүмкіндік береді. Әсіресе, жаз мезгіліндегі аптап ыстықта балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру – маңызды міндеттердің бірі.

Балаларға қуаныш сыйлаған бұл шара – қоғамның өскелең ұрпаққа деген қамқорлығының нақты көрінісі. Себебі бақытты балалық шақ – жарқын болашақтың берік негізі.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанның мақтанышы: Әлем чемпионы Ермек Құралбайға тұлпар тарту етілді

Redaktor Arysinfo

15 жастағы күдікті қамауға алынды: оқиғаның мән-жайы анықталуда

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДАҒЫ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТА ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ЖАЙҚАЛЫП ТҰР

Redaktor Arysinfo