Арыс қаласының жедел жәрдем фельдшері республикалық деңгейде марапатталды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде жыл қорытындысы бойынша жедел медициналық жәрдем қызметінің үздік мамандары салтанатты түрде марапатталды.Түркістан облысынан Арыс қаласының жедел медициналық жәрдем станциясында қызмет ететін Қадыров Қуаныш Құрманәліұлы өзінің кәсіби шеберлігі мен адам өмірін сақтаудағы жанқиярлық еңбегі үшін министрліктің «Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне ие болды.

Қуаныш Құрманәліұлы күн-түн демей, әр шақыртуды дер кезінде орындап, тұрғындардың қауіпсіздігі мен амандығы үшін қызмет етіп келеді. Оның еңбегі жоғары бағаланып, республикалық деңгейде марапатқа ие болуы қала тұрғындары үшін зор мақтаныш болып отыр.

Арыз қаласы әкімдігі марапат иесін шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, қажымас қайрат және жемісті еңбек жолын тілейді.

Ұқсас жаңалықтар

САРЫАҒАШ: «ҒАСЫР ЖАСАҒАН ҚАҺАРМАНҒА ҚҰРМЕТ» — ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ТҰРАҚТЫ РЕЖИМДЕ ЖҮРІП ЖАТЫР

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫСҚЫ ЖЫЛУ МАУСЫМЫ ТҰРАҚТЫ ӨТІП ЖАТЫР

berdaly_oraz