ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

15 тамыз — қазақ вальсінің королі, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Түркістан қаласындағы «Ақжайық» өнер мектебінде ұлы композитордың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Тағзым шарасы барысында Түркістан облыстық мәдениет басқармасына қарасты Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әртістері композитордың таңдаулы әндерін орындап, көпшілікке ерекше музыкалық тарту жасады.
Шарада Шәмші Қалдаяқовтың қазақ музыка өнеріне қосқан өлшеусіз үлесі, шығармашылық мұрасы мен ұлттық мәдениеттегі айрықша орны кеңінен дәріптелді.

Ұқсас жаңалықтар

АЛКОГОЛЬГЕ ЖОЛ ЖОҚ! САЛАУАТТЫ ӨМІР – САНАЛЫ ТАҢДАУ

Redaktor Arysinfo

Шымкентте №7 жаңа автобус маршруты іске қосылды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Redaktor Arysinfo