Арыс: Шағырда жаңа цифрлы таразы іске қосылды — астында «Сергек» те жұмыс істеп тұр

Арыс қаласына кіреберісте (Арыс өзені көпірі маңы) және Шағыр станциясы аумағында орналасқан екі электронды таразы жүйесі толық техникалық сынақтан өтіп, ресми түрде іске қосылды. Бұл туралы Арысинфо тілшісі хабарлайды.

Жол төсемесінің астына орнатылған заманауи «ақылды» таразылар ауыр жүк көліктерін автоматты түрде өлшеп, артық салмақпен жүру фактілерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл – жол жамылғысының бұзылуын болдырмау және жөндеу шығындарын азайтуға бағытталған шара.

Ерекше назар аударатын жайт — әр таразы нүктесінде көлік жылдамдығын бақылайтын «Сергек» бейнебақылау жүйесі де жұмыс істеп тұр. Бекітілген шекті жылдамдық — 60 км/сағ. Бұл ереже жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында енгізілген.

Жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге қатысты әкімшілік шаралар қолданылатыны ескертілді.

Арыс қаласының әкімдігі барлық көлік иелерін заң талаптарын қатаң сақтауға, ауыр жүк тасымалдау кезінде бекітілген нормаларды бұзбауға және жол қозғалысына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте «Mooni Gold» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұсталды

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДА «АЛТЫН КҮЗ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай Arysinfo өз оқырмандарына тосын сый жасады

berdaly_oraz