Түркістан облысында жаңа Конституцияны іске асыру жұмыстары күшейтіледі

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын сапалы іске асыру мәселелері қаралды.

Жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бейнебайланыс арқылы қатысты.

Үкімет басшысы жаңа Конституция елдің ұзақмерзімді даму бағытын айқындайтын негізгі құжат екенін атап өтіп, оның Мемлекет басшысы жүргізіп отырған реформалардың берік құқықтық негізін қалыптастыратынын айтты. Сонымен қатар мемлекеттік институттарды жаңғырту, қоғамдық тұрақтылықты нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру және «Заң мен Тәртіп» қағидатын орнықтыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Айта кетейік, Түркістан облысының тұрғындары Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға белсенді қатысып, бастаманы қолдаған болатын. Қазіргі таңда өңірде жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын түсіндіру және әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Мәлік Отарбаев: «Отбасылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ – бұл бәрімізге ортақ міндет»

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚ 10%-ҒА ТӨМЕНДЕДІ: ПРОКУРАТУРА 9 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

Redaktor Arysinfo

ЕЛ ӨҢІРЛЕРІНДЕ ЖАҢА НЫСАНДАР АШЫЛДЫ: 38,6 МЛРД ТЕҢГЕЛІК ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo