ТҮРКІСТАНДА ДАҢҚТЫ БОКСШЫ ӘБДІСАЛАН НҰРМАХАНОВҚА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ШЫМЫЛДЫҒЫН АШТЫ

Түркістан қаласында бокстан көрнекті спорт қайраткері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық құраманың экс-бас бапкері Әбдісалан Нұрмаханов құрметіне арналған XXXII халықаралық турнир бастау алды.

Дүбірлі дода Olympic Center спорт кешенінде өтуде. Биылғы турнирдің маңызы ерекше — айтулы жарыс бокс аңызының 90 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.

Халықаралық деңгейдегі бұл сайысқа алыс-жақын шетелдерден және еліміздің әр өңірінен келген былғары қолғап шеберлері қатысып, өзара мықтыны анықтайды. Турнир жас спортшылар үшін тәжірибе жинақтайтын алаң ғана емес, сонымен қатар қазақ боксының тарихында өшпес із қалдырған тұлғаның есімін ұлықтауға бағытталған маңызды шара саналады.

Жарыс барысында қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, спорттағы табандылық пен жігердің үлгісін паш етеді деп күтілуде.  Дәстүрлі турнир 15-19 сәуір аралығында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 2,6 есе өсті

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арысқа жұмыс сапарымен келді

berdaly_oraz

ҚЫЗҒАЛДАҚҚА АРНАЛҒАН ФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ