АРЫСТА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Қайырымдылық – жүректің ісі, ал адамға қолдау көрсету – үлкен жауапкершілік пен мейірімділікті талап ететін қасиетті міндет. Әсіресе, өмірдің түрлі сынағына тап болған жандарға демеу болып, қарттарға қамқорлық танытып, ерекше қажеттілігі бар балалардың өміріне жылулық сыйлап жүрген әлеуметтік қызметкерлердің еңбегі қашанда құрметке лайық.

Арыс қаласында Әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтіп, қоғамның осынау маңызды саласында еңбек етіп жүрген мамандардың қызметіне назар аударылды.

Арыс қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Асыл жүрек» әлеуметтік орталығы – халыққа әлеуметтік қолдау көрсетіп, көмекке мұқтаж азаматтардың өмір сапасын жақсартуға үлес қосып келе жатқан мекеме.

Бүгінде орталықта жалпы 84 штаттық қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде:

Әкімшілік бөлімінде – 20 қызметкер;
Жалғызілікті қарттар бөлімшесінде – 22 қызметкер;
Мүгедектігі бар балалар бөлімшесінде – 26 қызметкер;
«Тең қоғам» әлеуметтік орталығында – 6 қызметкер;
«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында – 10 қызметкер.

Әр бөлімнің өзіндік міндеті болғанымен, барлығына ортақ мақсат – адамға қамқорлық көрсету, қоғамдағы әлеуметтік теңдікті нығайту және әрбір азаматтың өзін қажет әрі қорғалған сезінуіне жағдай жасау.

Әлеуметтік қызметкердің еңбегі кейде көзге көрінбейтіндей көрінуі мүмкін. Алайда оның бір ауыз жылы сөзі, уақытылы көрсеткен көмегі мен шынайы ықыласы бір адамның өміріне үміт сыйлап, тұтас бір отбасының көңіліне медеу болады.

«Адамның асыл қасиеті – өзгенің мұңын түсініп, мұқтажына қол ұшын соза білуінде».

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 35 алаяқ ұсталды

berdaly_oraz

Шымкентте көлеңкелі ойын империясы күйреді

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия маңызды мәселелерді талқылады

Альфия Адамбек