Арыста алтын құрсақ аналарға құрмет көрсетілді

Арыс қаласында көпбалалы аналарға құрмет көрсетіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары салтанатты түрде табысталды.

Марапаттау рәсіміне қатысқан Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев аналарды құттықтап, олардың қоғамдағы және отбасы тәрбиесіндегі ерекше рөлін атап өтті.

– Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ананың орны әрдайым биік. Елдің болашағын қалыптастыратын саналы ұрпақ өсіріп отырған аналар қандай құрметке де лайық, – деді қала басшысы.

Салтанатты жиында мемлекеттік награда иегерлері көрсетілген қолдау мен қамқорлық үшін алғыстарын білдірді. Шара соңында аналар естелік суретке түсіп, қуаныштарымен бөлісті.

Көпбалалы аналарды қолдау мен олардың еңбегін бағалау – отбасы институтын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызды көрінісі. Себебі елдің ертеңі – ананың тәрбиесінен басталады

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА ЕРЕКШЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМ ШУАҒЫ» КЕШІ ӨТТІ

berdaly_oraz

Ата-аналар әскердегі ұлдарының қызмет ету жағдайларымен танысты

Алматыда түркістандық «Jana Lep!» өнерпаздары аншлагпен өнер көрсетті

berdaly_oraz