Құрметті Арыс қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 2 қазан күні Орталық Әл-Фараби алаңында өтетін «Алтын күз – 2026» мерекесі аясындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз!
Жәрмеңкеде жаз бойы жер еміп, маңдай терімен өнім өндірген жергілікті диқандардың табиғи әрі сапалы өнімдері ұсынылады.
Сауда сөрелерінен жаңа піскен көкөністер мен жеміс-жидектер, ет және сүт өнімдері, үй өнімдері, түрлі азық-түлік және басқа да ауыл шаруашылығы тауарларын табуға болады.
Бұл – жергілікті шаруалардың еңбегін бағалап, табиғи өнімді тікелей өндірушіден сатып алуға тамаша мүмкіндік.
Өтетін орны: Арыс қаласы, Орталық Әл-Фараби алаңы
Күні: 2 қазан 2026 жыл
Уақыты: 09:00–17:00
Берекелі күздің базарына бірге барайық! Арыстың диқандары өндірген табиғи өнімнен ауыз тиіңіз!
