Арыста көктайғаққа қарсы жұмыстар күшейтілді

Арыста көктайғаққа қарсы жұмыстар күшейтілді,-деп хабарлайды Арысинфо.кз.

Осы аптада Арыс қаласында қар мен жаңбыр қатар жауып, ауа райы күрт өзгерді. Сол себептен жол жүру қиындап, көктайғақ қаупі артты. Мұны ескерген коммуналдық қызметтер жұмысын күшейтті.

Қала көшелерінде арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Резеңке қаптамасы бар бульдозерлер негізгі жолдар мен ішкі көшелерді кезең-кезеңімен қардан тазартып жүр.

Сонымен қатар, су жиналуы мүмкін аумақтарда сорғы құрылғылары іске қосылып, мамандар тәулік бойы кезекшілік жасап, қауіпсіздікті бақылауда ұстап отыр.

Қаладағы тазалық пен жол қауіпсіздігі үнемі қаралады, ал жұмыстар ауа райы жақсартылғанша жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

ОРДАБАСЫДА ЖАҢА КІРПІШ ЗАУЫТЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

berdaly_oraz

Түркістан мен Риштанның байланысы нығайды: бауырластық туралы меморандумға қол қойылды

Redaktor Arysinfo

Шымкентте ардагерлерге мерекелік әлеуметтік көмек көрсетіледі

berdaly_oraz