Бүгін «Ономастика саласындағы жұмыстарды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиынның негізгі мақсаты – ономастика саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасу және олардың шешу жолдарын қарастыру болды.
Қала әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлының төрағалығымен өткен басқосуға жауапты сала мамандары, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, жалпы комиссия мүшелері қатысты.
Отырыста күн тәртібіндегі бірнеше маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда:
2025 жылы көшелерге атау беру туралы азаматтардан келіп түскен өтініштермен танысу;
Арыс қаласындағы атауы жоқ және қайта аталуы жоспарланған көшелердің тізбесін талқылау;
“Тіл туралы” заң талаптарына сәйкес мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік нысандардағы сыртқы маңдайшаларды ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастыру;
Елді мекендер көшелеріне қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің есімдерін беру бойынша жоспарланған шаралар.
Жиын барысында қатысушылар ономастика саласындағы жұмыстарды жүйелеу, атауларды тарихи және ұлттық құндылықтарға сәйкестендіру, сондай-ақ заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында бірқатар ұсыныстар білдірді.
Дөңгелек үстел соңында жұмысшы топ алдағы уақытта атқарылатын міндеттерді айқындап, ономастика саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
