Шымкентте алаяқтар зейнеткердің 46 млн теңгесін қолды қылған

Шымкентте полиция зейнеткердің 46 млн теңгесін қайтарып берді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Зейнеткерге өзін ұялы байланыс операторымын деп таныстырған белгісіз тұлға қоңырау шалып, сим-картасының мерзімі аяқталғанын айтқан. Нөмірінің қызметін ұзарту үшін азаматша СМС-кодты хабарлаған. Араға аз уақыт салып, «құқық қорғаушылар» хабарласып, әйелдің шотында күмәнді операциялар басталғанын және алдыңғы қоңырау шалған адам алаяқ екенін жеткізген.

Дүрбелеңге түскен зейнеткер жиған-тергенін сақтап қалу үшін күдіктілердің айтқанын бұлжытпай орындайды: есепшотындағы бар ақшаны шешіп алып, оны «сенімді қолға» уақытша сақтауға тапсырған.

Киберпол қызметкерлері күдіктілерді анықтап, жан-жақты және толыққанды тергеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген шығын түгел өтелді.

Сот үкімімен екі күдіктінің әрқайсысына 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жылыту маусымы тұрақты әрі апатсыз аяқталды

Redaktor Arysinfo

2025 жылдың Наурыз айында қазақстандықтарды ұзақ демалыстар күтіп тұр

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА 1000 АДАМНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» ФОРУМЫ ӨТТІ: 1 ТОННАҒА ЖУЫҚ ЕСІРТКІ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН АЛЫНҒАН

Redaktor Arysinfo