Арыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды

Арыс қаласында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы шеңберінде облыстық кездесу-семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер мен дербес бөлімдердің басшылары қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық қағидаттарын нығайту және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент филиалының доценті Еркін Бекбосынов пен Академия доценті, саяси ғылымдар кандидаты Светлана Рысбаева мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен есептілікті арттыру, қоғамдағы құқықтық сананы күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті орнықтыру жөнінде баяндама жасады.

Сондай-ақ, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, жоба үйлестірушісі Сабира Байзахова жоба аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат берді.

Кездесу қорытындысында қатысушылар қоғамда адалдық құндылықтарын кеңінен дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Тақырып: Түркістанда мұғалімдерден пара алған бұрынғы мектеп директоры сотталды

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ «АЛТЫН КҮЗ – 2025» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНЫП, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРГЕ АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Қасым-Жомарт Кемелұлы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Redaktor Arysinfo