АРЫСТЫҚ АЛТЫН ҚҰРСАҚ АНАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАДЫ

Бүгін Арыс  қаласының әкімі Қайсар Маңқараев мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес наградтталған арыстық көпбалалы аналарға алтын және күміс алқаларын табыс етті. Нақтырақ айтқанда 7 және одан көп баласы бар бес анаға «Алтын Алқа» табысталса, 6 баласы бар 15 анаға «Күміс Алқа» берілді.
«Алтын алқа» белгісі ҚР ордені мәртебесіне ие. Қала басшысы алтын құрсақты батыр аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ананың рөлі ерекше. Баласын елдің қызметіне лайықты азамат ретінде тәрбиелеген жан — барлық мақтауға лайық. Отбасыларыңызға амандық тілеймін», — деді шаһар басшысы.
Төстеріне алқа таққан аналар да әкімге алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.
Айта кетейік, қазіргі таңда қала бойынша 2 691 батыр ана бар. Барлық батыр аналарға ай сайын табысына қарамастан мемлекеттен жәрдемақы беріледі. Бұдан бөлек, алтын құрсақ аналар қоғамдық көліктерде тегін қатынайды.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Маңғыстаулық делегация Түркістан облысының тәжірибесімен танысты

Шағыр-Монтайтас темір жол өткелі уақытша жабылады

berdaly_oraz

Нұрали Әлиев «Транстелеком» басшылығынан кетті

berdaly_oraz

Пікір жазу