САРЫАҒАШ: «ҒАСЫР ЖАСАҒАН ҚАҺАРМАНҒА ҚҰРМЕТ» — ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Дереккөз, фото: Сарыағаш ауд әкімдігі

Сарыағаш ауданында игі дәстүрге айналған «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында кезекті қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды. Тағылымы мол бастама аясында жастар Ұлы Отан соғысының ардагеріне құрмет көрсетіп, ізгі істерімен үлгі болды.

Жастар ресурстық орталығының мамандары мен ерікті жастар 103 жастағы ардагер Ишқонов Эрмохон ақсақалдың үйіне арнайы барып, көмек қолын созды. Іс-шара барысында олар ардагердің ауласын тазалап, үй маңын ретке келтіруге атсалысты.

Сонымен қатар, «Сұңқар мед» клиникасының дәрігерлері қарияның денсаулығын тексеріп, қажетті медициналық кеңестер берді. Бұл бастама ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсетудің маңызды үлгісіне айналды.

Ғасыр жасаған ардагердің өмір жолы – бүгінгі ұрпақ үшін ерлік пен елжандылықтың айқын көрінісі. Осындай тұлғаларға құрмет көрсету, олардың батасын алу – жастар үшін үлкен тағылым әрі жауапкершілік.

Мұндай шаралар жас буынның бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, аға буынға деген құрметті арттыруға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТҮРКІСТАН ДАУЫСЫ» ӘН БАЙҚАУЫНЫҢ БЕСІНШІ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

berdaly_oraz

АРЫСТА ОНОМАСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

berdaly_oraz

Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға шықты

Альфия Адамбек