АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Келес ауданында «Күзгі тазалық – бірге!» атты ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды. Тазалық шарасына Келес ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Мырзамұратов қатысып, аудан тұрғындарын игі бастамаға белсенді атсалысуға шақырды.

Аудан көлемінде өткен акцияға 3 мыңға тарта адам мен 15 техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында елді мекендердегі көшелер мен аулалар, саябақтар мен скверлер, әлеуметтік нысандардың аумақтары және басқа да бекітілген аумақтар тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы – баршамызға ортақ іс.

Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне әрбір тұрғын өз үлесін қосуы қажет. Таза орта – сапалы өмірдің кепілі. Сондықтан тазалықты күнделікті өмір салтымызға айналдыруымыз керек, — деді Мақсат Мырзамұратов. Ауқымды экологиялық шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары, жастар мен еріктілер белсенді қатысып, таза әрі көрікті Келесті қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

berdaly_oraz

Бейбарыс Қаблан — таеквондодан (WT) Әлем чемпионы атанды

Redaktor Arysinfo

Жол апаттарының алдын алу үшін жаңа әдіс енгізіледі