«АУЫЛ АМАНАТЫ»: АРЫСТА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Арыс қаласында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алған кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелері мен есептілікті уақытылы тапсыру мәселелері талқыланды.

Қала әкімдігінде өткен мәжілісті қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев жүргізді. Жиынға «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС өкілдері, қалалық ауыл шаруашылығы және кірістер басқармасының мамандары, ауыл округтерінің әкімдері қатысты.

Кездесуде бағдарлама қатысушыларының салықтық міндеттемелері, есептілікті белгіленген мерзімде тапсыру тәртібі және қолданыстағы талаптарды сақтау мәселелері қаралды.

Жиында «Түркістан» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Шулаков пен «Ырыс» МҚҰ» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Берік Исаев баяндама жасап, кәсіпкерлердің міндеттемелері мен бағдарлама талаптары жөнінде түсініктеме берді.

Мәжіліс барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Сонымен қатар салықтық есептілікті уақытылы тапсыру, міндетті төлемдерді белгіленген тәртіппен орындау және кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыру бағытында ұсыныстар талқыланды.

Жиынның негізгі мақсаты – «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылардың салықтық міндеттемелерін орындауына қолдау көрсету және есептілікке қатысты мәселелердің алдын алу.

Ұқсас жаңалықтар

Президент: БАҚ – ұлттың үні, қоғамның айнасы

Redaktor Arysinfo

Өңір жаңалығы: Қазығұртта 3 мыңға жуық тұрғын сенбілікке қатысты

Жетісайлық шаруа мемлекеттің қолдауымен миллионер атанды