Президент: БАҚ – ұлттың үні, қоғамның айнасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Президент өз құттықтауында бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі ерекше екенін атап өтіп, БАҚ-ты «ұлттың үні, қоғамның айнасы» деуге толық негіз бар екенін айтты. Оның сөзінше, журналистер мен медиа саласының өкілдері елдегі маңызды оқиғаларды халыққа жедел әрі объективті жеткізіп, қоғамдық пікірдің қалыптасуына елеулі үлес қосып келеді.

Мемлекет басшысы ақпарат саласында еңбек етіп жүрген мамандарға алғыс білдіріп, олардың кәсібилігі мен жауапкершілігі қоғамның дамуы мен ел бірлігін нығайтуға қызмет ететінін атап өтті.

Сондай-ақ Президент БАҚ өкілдеріне шығармашылық табыс, зор денсаулық және жаңа жетістіктер тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІСІ ҚАРҚЫН АЛДЫ: ТҮРКІСТАНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАҢА СЕРПІН

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА ЯСАУИ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ

berdaly_oraz

Сайлау науқанына дайындық жұмыстары пысықталды

Redaktor Arysinfo