Ауыл тұрғындары шегірткеге қарсы күресті қолдайды: «Ең бастысы — жайылым мен егістік аман болсын»

Ауылдық жерлерде үйірлі шегірткеге қарсы жүйелі күрес жұмыстары жүріп жатыр. Зиянкес жәндіктердің таралуының алдын алу мақсатындағы шаралар жергілікті халықтың назарынан тыс қалмады. Егістік пен жайылымды аман сақтап қалу жолында еңбек етіп жүрген мамандардың жұмысына ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдірді.

«Күннің аптап ыстығына қарамай, таңсәріден бастап тыным таппай жүрген мамандарға айтар алғысымыз шексіз. Біз үшін ең маңыздысы — мал өрісін, егінімізді қорғау. Өнім мол, жылымыз тоқ болсын десек, осындай алдын алу шаралары қажет», – дейді ауыл ақсақалдарының бірі.

Шегіртке жайлаған маусымда бұл жұмыстардың маңызы арта түсетіні сөзсіз. Тұрғындар мамандарға сенім артып, олардың еңбегі ел игілігі үшін екенін айтып отыр. Сонымен қатар, көпшілік қауым жайылымдық алқаптарды жіті бақылап, тиісті органдарға дер кезінде хабар беруге дайын екендіктерін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЖАҢАРУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 500 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

berdaly_oraz

Сарыағашта Азия чемпионатының жүлдегерлері марапатталды

berdaly_oraz

Төлебиде биыл жылына 90 мың дана жұмыс киімін дайындайтын тігін фабрикасы іске қосылады