Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараевтың өкімімен Тұрсымбеков Жомарт Жамбылбекұлы Арыс қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Қала әкімі Қайсар Зәкірұлы бөлім қызметкерлеріне Жомарт Жамбылбекұлын таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Жомарт Жамбылбекұлы 1982 жылы Арыс қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, «Мирас», «Аймақтық әлеуметтік-инновациялық» университеттерін «қаржыгер», «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Арыс қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде жетекші маман болып бастаған.
Әр жылдары Арыс қаласы, Арыс қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде бас маман, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2018-2019 жылдары Арыс қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.
2020-2022 жылдар аралығында Арыс қаласының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
2022 жылдан бастап, бүгінге дейін Арыс қалалық ішкі саясат бөлімі басшысы болды.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі