АУЫС-ТҮЙІС: АРЫСТЫҢ БАС ИДЕОЛОГЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараевтың өкімімен Садықов Ғани Сауытбекұлы «Арыс қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

Бөлім басшысын ұжымға қала әкімі Қайсар Зәкірұлы таныстырып, жүктелетін міндет зор екендігін тілге тиек етіп, жұмысына сәттілік тіледі.

Ғани Сауытбекұлы Арыс қаласында дүниеге келген. 2008 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ-көлік және коммуникациялар академиясының құрылыс мамандығы және 2020 жылы академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің құқықтану мамандығы бойынша жоғары білім алды.

Еңбек жолын 2010 жылы Арыс қаласының құрылыс бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2011-2013 жылдары аралығында Арыс қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінде нұсқаушы қызметін атқарды.

2013-2021 жылдары «Құрылыс бөлімінің» бас маманы, 2021 жылдан бастап, бүгінгі таңға дейін Арыс қаласының құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесінде бөлім басшысы қызметін атқарды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен келіссөз жүргізді

Футболдан Қазақстан құрамасы 11 жылдан кейін жеңіске жетті

berdaly_oraz

ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫН БІЛУ МАҢЫЗДЫ

Redaktor Arysinfo