Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Жаңа оқу жылына санаулы күндер қалды. Осыған байланысты елімізде балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы басталды.

Акция аясында мектептер мен білім беру ұйымдарының маңында полиция қызметкерлерінің бақылауы күшейтіліп, жол инфрақұрылымының қауіпсіздігі тексерілуде. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілер өткелдері, жол белгілері мен жол таңбаларының жай-күйі назарға алынған.

Сонымен қатар мектеп автобустарының және балаларды тасымалдау қауіпсіздігі де бақылауға алынды. Тексеру нәтижесінде білім беру ұйымдарының жол инфрақұрылымына қатысты 548 нұсқама берілген.

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмауға шақырды. Әсіресе мектеп маңында көлік жүргізушілері барынша мұқият болуы қажет.

Балалардың қауіпсіздігі тек полицияның емес, ата-ана мен қоғамның ортақ міндеті. Осы ретте ІІМ ата-аналарға балаларға жолда, мектепте, қоғамдық көлікте және интернетте қауіпсіздік ережелерін күн сайын түсіндіріп отыруды ескертті.

Оқу жылы қарсаңындағы бұл акцияның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алып, әр баланың мектепке қауіпсіз барып-қайтуына жағдай жасау.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЫҒАЮДА

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОРТАЛЫҚТАР МЕН МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАР САЛЫНАДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮЛКІБАСТА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

berdaly_oraz