ТҮРКІСТАНДА «БІРЛІК – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік – болашақтың кепілі» атты мерекелік іс-шара өтті.

Шара Түркістан облысының прокуратурасы мен облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайту, этносаралық татулықты сақтау және азаматтық бірегейлікті дамыту мақсатында өткізілді.

Салтанатты жиын этномәдени бірлестіктердің көрмесімен басталды. Көрмеде өңірдегі түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт — дәстүрлері таныстырылды.

Жиынды Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде Қазақстанның көпэтносты қоғам ретіндегі бірлігі мен қоғамдық келісімінің маңыздылығын айтты.

Іс-шара барысында Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев пен облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың атынан ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосқан бірқатар азаматтар мен этномәдени бірлестіктер өкілдеріне Алғыс хаттар табысталды.

Сонымен қатар жиында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы славян этномәдени бірлестігінің төрағасы Марина Лимаренко және «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің төрағасы Нодиржон Хасантаев сөз сөйлеп, қоғамдағы татулық пен өзара сыйластықтың маңызын атап өтті.

Мерекелік басқосу достық пен өзара түсіністік рухында өтіп, қатысушылар үшін маңызды пікір алмасу алаңына айналды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында туризмді дамытуға 60 млрд теңгеге жуық қаржы тартылмақ

berdaly_oraz

Шымкенттік оқушы әлемнің үздік 50 университетінен шақырту алды

Альфия Адамбек

Түркістан: Төлебиде биыл 156 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға беріледі