Бұдан былай жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермегендерге 80 мың теңге айыппұл салынады

Бұдан былай жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермегендерге 80 мың теңге айыппұл салынады,деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

2025 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда жол қозғалысы ережелеріне бірқатар маңызды өзгерістер енгізіледі. Жаңа талаптар жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермеу – 80 мың теңге айыппұл

Бұған дейін арнайы қызмет көліктеріне жол бермеген жүргізушілерге жеңіл жаза қарастырылса, енді бұл ереже қатаңдатылды. Егер жүргізуші жедел жәрдем, полиция немесе өрт сөндіру қызметі көлігіне жол бермесе, оған 80 000 теңгеге дейін айыппұл салынады. Бұл өзгеріс арнайы қызметтердің жолда кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін енгізілген.

Қозғалыс кезінде басын көліктен шығарғандар – 40 мың теңге айыппұл төлейді

Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында енгізілген тағы бір өзгеріс – қозғалыс кезінде жолаушылардың терезеден басын немесе денесін шығаруы. Мұндай әрекет қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін, сондықтан енді оны жасаған азаматтарға 40 000 теңгеге дейін айыппұл салынады.

Жол апатында кінәлі жүргізуші куәлігінен айырылмайды, бірақ айыппұл төлейді

Жол-көлік оқиғаларына байланысты кейбір жазалар жеңілдетілді. Бұрын жол апатына кінәлі жүргізуші адам өлімі болмаса да, 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылатын. Жаңа өзгерістерге сәйкес, мұндай жағдайда жүргізуші 80 000 теңге айыппұл төлеп, көлік жүргізу құқығын сақтап қалады.

Мопедтерге мемлекеттік нөмір беріледі

Сонымен қатар, 2025 жылдың сәуірінен бастап мопедтер де тіркеуге алынып, оларға мемлекеттік нөмір беріледі. Енді мопед жүргізушілеріне «А1» санатындағы жүргізуші куәлігі қажет болады. Бұл өзгеріс жолдағы көлік құралдарын есепке алуды жақсартып, мопед жүргізушілерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Қазақстанда жол қозғалысы ережелеріне енгізілген бұл өзгерістер жол қауіпсіздігін күшейтуге, арнайы қызметтердің жұмысын жеңілдетуге және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Жаңа ережелер күшіне енгеннен кейін жолдағы тәртіптің қалай өзгеретіні уақыт еншісінде.

Ұқсас жаңалықтар

Туризм және спорт министрлігі «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке қатысты

berdaly_oraz

Арыс қаласының оқушысы ҰБТ-да 139 балл жинады

Альфия Адамбек

Түркістан облысында етті және майлы қой түрлерінен халықаралық көрме өтті

Пікір жазу