Еркебұлан Тоқтар жол апатына түсті

дереккөз фото turkystan.kz

Белгілі актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар жол-көлік оқиғасына ұшырады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Желіде тараған видеода актердің мотоциклі жеңіл көлікпен соқтығысқаны көрінеді. Оқиға салдарынан автокөліктің шанағына зақым келген. Ал мотоцикл қатты бүлінбеген.

Актердің айтуынша, жол апатына өзі себеп болған.

«Көз тиді. Өзім бірінші барып соқтым. Көліктің иесі жақсы жігіт екен, түсіністікпен қарады. Барлық шығынды өтеп бердім», — деді ол.

Оқиғаның нақты мән-жайы әзірге белгісіз

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

Redaktor Arysinfo

Түркістанда әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлеріне арналған семинар өтті

berdaly_oraz

Түркістан: жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға қарсы рейд өтті