Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды,деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

2025 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерұлан Жамаубаевты Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындады. Бұл туралы Ақорда ресми мәлімдеме жасады.

Ерұлан Жамаубаевтың мемлекеттік қызметтегі жолы кең ауқымды әрі көпжылдық тәжірибеге негізделген. Ол 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген. Жамаубаевтың карьерасы 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде оқытушылық қызметтен басталып, кейіннен Қазақстан Ұлттық банкінде жетекші маман әрі департамент директоры қызметтерінде жалғасты.

Одан кейінгі жылдары Жамаубаев еліміздің қаржы жүйесінде жетекші лауазымдарда қызмет атқарды. Ол «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры, ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президентінің көмекшісі, Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы және Қаржы министрі қызметтерін атқарды. 2022 жылдан бастап ол ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі болып қызмет етті.

Ерұлан Жамаубаевтың ұлттық экономика мен қаржы саласындағы мол тәжірибесі оның жаңа қызметінде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Ұқсас жаңалықтар

«Қарызды қайтармағаны үшін»Шымкентте жас жігіт лифт ішінде соққыға жығылып, пышақталды

berdaly_oraz

Өңір жаңалықтары: Ордабасыда егістік алқаптарына су үнемдеу техналогиялары енгізілуде

Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізді

berdaly_oraz

Пікір жазу