Есірткіге жол жоқ: Түркістанда 953 келіден астам есірткі тәркіленді

Түркістан облысында есірткі бизнесіне қарсы күрес күшейтілді. Бір ғана Арыста синтетикалық есірткі өндіретін зертхана әшкереленіп, одан 1,5 тонна прекурсор мен шамамен 480 келі сұйық мефедрон тәркіленген.

Өңірде есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қоюмен қатар, синтетикалық есірткінің интернет арқылы таралуына және дәріханалардағы заңсыз дәрі саудасына қарсы жұмыстар да күшейіп отыр.

Өңірлік ведомствоаралық штаб отырысында есірткі қылмысының алдын алу, заңсыз айналымды тоқтату және нашақорлықтың таралуына жол бермеу мәселелері қаралды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты органдарға профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылды күшейтуді тапсырды.

Нәтиже де аз емес. Есептік кезеңде облыста есірткінің заңсыз айналымына қатысты 294 дерек анықталған. Оның ішінде 103-і қылмыс, 191-і теріс қылық ретінде тіркелген. Есірткі сатуға қатысты 18, аса ірі көлемде есірткі сақтаудың 9 және контрабанданың 13 дерегі анықталған.

Жалпы заңсыз айналымнан 953 келі 145,58 грамм түрлі есірткі заттары тәркіленген.

Синтетикалық есірткіге қатысты қауіптің ең бір өзекті бағыты – интернет кеңістігі. Жыл басынан бері «Киберқадағалау» жүйесі арқылы синтетикалық есірткіні жарнамалаған 1042 сайт бұғатталған. Сонымен бірге есірткі саудасына қатысы болуы мүмкін тұлғалардың 2002 банк картасы анықталып, олардың айналымына шектеу қойылған.

Нашақорлықтың алдын алу бағытында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері 1075 профилактикалық іс-шара өткізіліп, оған 104 мыңнан астам адам қамтылған. Ал қоғамдық орындарда есірткі және психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтынған 330 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Көшелердегі есірткі жарнамасына қарсы 67 рейд ұйымдастырылып, 425 граффити жазбасы жойылған. «Қарасора-2026» іс-шарасы барысында есірткі өсімдіктерін заңсыз егуге қатысты 60 дерек анықталып, 17 974 түп өсімдік жойылған. Оның жалпы салмағы 802 келі 932 граммды құраған.

Есірткімен қатар, дәріханалардағы заңсыз дәрі айналымы да назардан тыс қалған жоқ. Бүгінде облыста 836 дәріхана жұмыс істейді. 2026 жылдың сегіз айында дәрілік заттарды босату талаптарын бұзғаны үшін 20 әкімшілік хаттама толтырылып, 4 млн 411 м�

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Нұралхан Көшеров Мақтааралдағы мақта өңдеу кәсіпорындарымен танысты

berdaly_oraz

Арыс ауданындағы Монтайтас ауылында тұрғын үй моншасынан өрт шықты

berdaly_oraz

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу – басты міндет: Арыста балалар құқығын қорғау күшейтіледі

Redaktor Arysinfo