ГЕРМАНИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ӨТТІ

Дереккөз, фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасы базасында остеоартрозды емдеуде қолданылатын эндоваскулярлық катетерлік эмболизация (ЭКА) әдісіне арналған халықаралық шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шараға Германиядан келген профессор Аттила Ковач қатысып, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларынан келген мамандармен тәжірибе алмасты. Кездесу барысында остеоартрозды емдеудің заманауи тәсілдері, ЭКА әдісінің тиімділігі мен оны қолдану ерекшеліктері талқыланды.

Практикалық бөлімде дәрігерлер феморальды қолжетімділіктің бірнеше тәсілін көрсетіп, Шымкент қаласының үш тұрғынына тізе буынындағы ауырсынуды азайтуға бағытталған медициналық процедура жасады.

Мамандардың айтуынша, мұндай тәжірибе алмасу отандық дәрігерлердің біліктілігін арттырып, заманауи медициналық технологияларды тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДАҒЫ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Redaktor Arysinfo

Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» салтанатты іс-шарасы өтті

Redaktor Arysinfo

Түркістандағы “Woosong” университетіне 400-ден астам түлек құжат тапсырды