«Хайп» қымбатқа түсті: TikTok-та балағат сөз айтқан стримерлер жауапқа тартылды

Әлеуметтік желіде танымал болу үшін заң мен қоғамдық әдепті елемейтін блогерлер мен стримерлерге бақылау күшейтілуде. TikTok платформасында тікелей эфир кезінде балағат сөз айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған бірқатар стримерлер заң алдында жауапқа тартылды.

Құзырлы органдардың мәліметінше, интернет кеңістігінде «хайп» қуып, былапыт сөздер айтып, көпшілікке теріс үлгі көрсететін контент авторларының әрекеттеріне құқықтық баға берілуде. Мұндай заң бұзушылықтарға жол берген азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Мамандардың айтуынша, әлеуметтік желі – жауапкершіліксіз әрекет жасауға мүмкіндік беретін орта емес. Онлайн кеңістікте де қоғамдық тәртіп пен заң талаптары сақталуы тиіс. Әсіресе, кәмелетке толмағандар көп қолданатын платформаларда әдепсіз сөздер мен агрессивті мінез-құлықтың таралуына жол бермеу маңызды.

Құқық қорғау органдары азаматтарды әлеуметтік желілерде заң талаптарын сақтауға шақырып, танымалдық пен қаралым үшін құқық бұзудың соңы жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Ұқсас жаңалықтар

Ел мерейін үстем етті: қазақстандық оқушылар философия олимпиадасынан марапатпен оралды

Redaktor Arysinfo

Болашақта халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылуы мүмкін

berdaly_oraz

Түлкібас өңірінде заманауи сүт фермасы қарқынды дамуда

berdaly_oraz