«Халықпен бірге болыңдар»: Түркістан полициясына нақты тапсырмалар берілді

Әрбір полиция қызметкері – өз ауданының спорттық-мәдени іс-шараларын ұйымдастыруға атсалысып, «Таза Қазақстан» секілді Мемлекет басшысының бастамаларын қолдаушы, оларды тұрғындарға түсіндіруші әрі профилактикалық жұмыстарды үйлестіруші болуы тиіс. Сонда ғана қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға болады».

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков Түркістан облысына жұмыс сапары барысында айтты.

Министрдің орынбасары рухани астана – Түркістан қаласында Полиция департаментінің басшылығы және жеке құрамымен кездесті. Жиында Мемлекет басшысының ішкі істер органдары алдына қойған міндеттері мен министрліктің негізгі талаптары жеткізілді.

Кездесуде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту мәселелеріне басымдық берілді.

– Киелі жерде халыққа қызмет ету – үлкен мәртебе әрі абырой. Сондықтан әрқайсыңыз өз қызметіңізді жоғары бағалап, алдағы маңызды науқанда заң талаптарын мүлтіксіз сақтап, жауапкершілікпен орындайды деп сенемін, – деді полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков.

Жұмыс сапары барысында ІІМ орынбасары А.Сайтбеков Полиция департаментінде жаңадан ашылып жатқан басқарманың ғимаратын аралап, оның жұмысымен танысты.

Сонымен қатар Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің жауынгерлік даярлығын көріп, олардың кәсіби шеберлігін арттыруға және қызмет атқаруына қажетті жағдай жасау мәселелеріне назар аударды.

Сапар қорытындысы бойынша Полиция департаментінің басшылығына қызметтік тәртіпті нығайту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жеке құрамның кәсіби даярлығын одан әрі жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда Орталық Азияға балама болмайтын спорттық хаб салынбақ

berdaly_oraz

Дауылдан бүлінген көлік: шығынды кім өтейді?

Redaktor Arysinfo

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді көпір

Redaktor Arysinfo