Түркістан облысында 2026 жылғы 15-19 маусым аралығында “Ішімдіксіз ауыл – қауіпсіз қоғам” атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың алдын алу, мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау, сондай-ақ тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау құрылымдары заңсыз алкоголь саудасына қарсы тұрақты рейдтер өткізіп, бақылауды күшейтуде. Дегенмен, бұл жұмыстың нәтижелі болуы тұрғындардың белсенділігіне тікелей байланысты. Әрбір азамат «менің ауылым — менің жауапкершілігім» деген қағидатты ұстанғанда ғана нағыз өзгеріс орын алады.
Ішімдіксіз ауыл — бұл тек ұран емес, әрбір отбасының, әрбір баланың қауіпсіз болашағы үшін жасалатын нақты қадам. Заңсыз алкоголь сатуға қарсы бірлесе күрес жүргізу арқылы ғана біз шынайы қауіпсіз және өркениетті қоғам құра аламыз. Осы игі істе әрбір тұрғынның үлесі — ортақ жеңіске жол ашады.
Профилактикалық іс-шара аясында сауда орындары тексеріліп, тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ескерту: Заңсыз алкоголь өткізу фактілерін көрсеңіз, жергілікті ішкі істер бөлімінің сенім телефонына немесе 102 нөміріне хабарласуыңызды сұралады.
