ҚАЛА ӘКІМІ АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев қала тұрғындарымен кездесіп, шаһардың өзекті мәселелерін талқылады.

Апта басынан бері 10 елді мекеннің тұрғындарымен жүздесіп, ауыл халқының ұсыныс-тілектерін тыңдаған қала әкімі бұл жолы Арыс қаласының тұрғындарымен ашық форматта кездесті.

Кездесу барысында шаһардың алдағы даму жоспарлары талқыланып, тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді.

Атап айтқанда, кейбір көшелерге атау беру, балалар ойын алаңшаларын салу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасанды жол кедергілерін орнату, көшелерді түнгі жарықтандыру және қоғамдық көлік бағыттарын реттеу мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар қала тазалығы мен абаттандыру, сондай-ақ Арыстың 70 жылдығына орай ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысты ұсыныстар айтылды.

Қайсар Маңқараев тұрғындардың әрбір өтініш-тілегін мұқият тыңдап, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Қала әкімі кейбір мәселелерді тек құжат жүзінде қарастырмай, мәселе көтерілген жерге барып, жағдайды көзбен көріп, нақты шешім қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Шаһар басшысы тұрғындармен ашық диалогты жалғастыру қажеттігін айтып, кездесуде көтерілген мәселелер заң аясында және бюджет мүмкіндіктеріне қарай кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ  ОҚИҒАДА  30-ҒА ЖУЫҚ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ 

Redaktor Arysinfo

«Байсуфинов кетеді ме? Ұлттық құрама төңірегінде тағы да әңгіме көбейді»

Redaktor Arysinfo

Әр тиын-халық игілігіне: Түркістан облысының әкімі қатаң тапсырма берді