Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басшысы болып тағайындалды

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрайымы қызметіне тағайындалды. Оның телевизия саласындағы кәсіби тәжірибесі 30 жылдан асады.

Әр жылдары ол «Астана» телеарнасын, «НҰР-Медиа» медиахолдингін, «Қазақстан» РТРК» АҚ және «Еуразия» телеарнасын басқарған. Сондай-ақ Байланыс және ақпарат министрлігінде қызмет атқарған.

Жаңа қызметінде Ләззат Танысбайға «Хабар» агенттігінің негізгі бағыттарын кезең-кезеңімен жаңғырту және «24KZ» телеарнасының жетекші қоғамдық-саяси арна ретіндегі позициясын нығайту міндеті қойылды.

Бұған дейін агенттікті басқарған Кемелбек Ойшыбаев қызметінен босатылды.

Ұқсас жаңалықтар

Таразда инклюзивті спорт орталығының іргетасы қаланды: Баршаға қолжетімді жаңа дәуір басталды

Redaktor Arysinfo

Арыста ұлттық құндылықтар дәріптелді: рух пен дәстүр тоғысқан тағылымды кеш

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ГИННЕС РЕКОРДЫНА ЕНГЕН ХАКАТОНДА ТОП ЖАРДЫ

Redaktor Arysinfo